Қазақстандық жағажай волейболшылары Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетуде - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық жағажай волейболшылары Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетуде

Қазақстандық жағажай волейболшылары Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетуде

Жағажай волейболынан Қытайдың Хайку аралында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандықтар бүгін ширек финалдық ойындарын өткізуде.

  • 23 Қазан 2010
  • 515
Фото - Caravan.kz

Қазанның 21-де жалауын көтерген бұл байрақты бәсекеде ел намысын ерлер арасында да, әйелдер арасында да екі-екі жұптан қорғаған болатын. Жалпы бұл дүбірлі додаға ерлер арасында — 26, әйелдер арасында 23 жұп қатысуда.

Василий Кушталов жаттықтыратын әйелдер құрамасынан Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалованың жұбы бүгін Вануатудан келген құрдастары Миллер Элвин мен Латика Хенриеттені ( Miller Elwin- Iatika Henriette) ұтты (2-1). Олардың командалас серіктері Инна Рахматулина мен Людмила Исаева тайландтық Тенпакши Уса мен Саннок Жаруниге (Tenpaksee Usa-Sannok Jarunee) 0-2 есебімен есе жіберді. Ал ерлер арасындағы Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко жұбы ирандық Ассари Реза мен Рахманнан (Assari Reza-Rahman) 2-1 есебімен басым түсті. Сондай-ақ Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов шри-ланкалық Махеш-Васанта ( Mahesh-Wasantha) жұбын 2-0 етіп ұтты. Қазіргі уақытта Машкова-Цимбалова және Сидоренко-Дьяченко мен Яковлев-Кулешов ширек финалдық ойындарын өткізіп жатыр.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера