15-24 қараша күндері өтетін бұл сайыста Дмитрий Яковлев-Алексей Кулешов жұбы үндістандық Киран Кумар Меда мен Каси Висванадханы ( Kiran Kumar Meda/Kasi Viswanadha) 2:1 (21-12 20-22 17-15), камбоджалық Мон Ром-Тгет Сотеаритты (Mon Rom/Nget Sothearith) 2-0 (21-14 21-12) етіп ұтты. Александр Дьяченко мен Алексей Сидоренко жұбы болса, кореялық Ан Тае Ионг-Квон Ионг Сеокты (An Tae Young/Kwon Yong Seok) 2-0 (21-10 21-9), гонконгтық Вонг Шун Вай Вонг Квун Ронгтан (Wong Chun Wai/Wong Kwun Pong) 2-0 (21-11 21-8) басым түсті. Ал әйелдер арасындағы Людмила Исаева мен Инна Рахматулина жұбы қытайлық Хуе Шен мен Жанг Хиға (Xue Chen/Zhang Xi) 0:0 (10-21, 12-21);
есебімен есе жіберіп, гонгконгтық Тсе Винг Хунг пен Конг Шеук Уиден (Tse Wing Hung/Kong Cheuk Yee) дәл осындай есеппен (21-19 21-12) басым түсті. Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова жұбы кореялық Ли Шунва мен Квак Ми Зунгты ( Lee Shunwa/Kwak Mi Jung) (21-8 21-6) және шири-ланкалық Гитика мен Сужива ( Geethika /Sujeewa) 2-0 (21-12 21-13) есебімен ойсырата ұтты.
Бүгін алғашқы кезеңнің соңғы ойынынан кейін спортшылар 21- 22 күндері ширек және жартылай финалдық сайыстарын өткізеді. Одан сүрінбей өткендер 23-і күні — әйелдер, ал 24-і күні ерлер арасында ақтық финалда кездеседі.