Қазақстандық жағажай волейболшылары «Гранд Сэяма» кезеңінде бақ сынауда - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық жағажай волейболшылары «Гранд Сэяма» кезеңінде бақ сынауда

Қазақстандық жағажай волейболшылары «Гранд Сэяма» кезеңінде бақ сынауда

Қытайдың Шанхай қаласында жағажай волейболынан «Гранд Сэяма» кезеңдік жарысы өтіп жатыр. 1 мамырда басталған бұл байрақты бәсеке 6 мамыр күні аяқталады.

  • 3 Мамыр 2012
  • 394
Фото - Caravan.kz


Қазақстандық спортшылар бұған дейін 24-29 сәуір күндері Польшаның Мысловице қаласында болған Әлемдік турдың «Селисия Оупен» кезеңіне қатысқан болатын. ҚР Волейбол федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, соңғы Азиялық турлардағы сәтті ойындарының нәтижесінде онда қазақстандық Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко жарысты ірікеу сынынсыз бірден негізгі кестеден бастады. Соның нәтижесінде 32 жұптың арасында 13-орын алып өз қоржындарына 180 рейтингтік ұпай қосты. Польша (15-21, 22-24), Франция (17-21, 21-15, 15-11) және Германия (21-12, 19-21, 15-7) спортшыларын қапы қалдырған олар латвиялықтарға (19-21, 19-21) есе жіберді. Ал екінші дәрежелік кезеңде сүрінген Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов 41-орынға табан тіреп, 18 ұпай ғана иеленді. Олар бірінші дәрежелік кезеңде чехиялықтарды (20-22, 19-21) ұтқанымен, екінші кезеңде австралиялықтардан (21-19, 21-14) айласын асыра алмады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера