Қазақстандық жағажай волейболшылары ІІІ Азиялық жағажай ойындарының ширек финалына шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық жағажай волейболшылары ІІІ Азиялық жағажай ойындарының ширек финалына шықты

Қазақстандық жағажай волейболшылары ІІІ Азиялық жағажай ойындарының ширек финалына шықты

Бүгін Қытайдың Хайян қаласында ІІІ Азиялық жағажай ойындарының ресми ашылу рәсімі өтеді. Сондай 12 спорт түрі бойынша жарыстар басталады.

  • 16 Маусым 2012
  • 326
Фото - Caravan.kz

Ал 12 маусымнан бері өзара күш сынасып жатқан жағажай волейболшылары ширек финалдық ойындарын өткізеді. Онда ел намысын қорғап жатқан қазақстандық 3 жұп бұл сынға сүрінбей жетті. Енді Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко омандық Ал Шерейги мен Ал Субхимен (Al Shereiqi / Al Subhi), Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов қытайлық Ли мен Жанг жұбымен, ал Татьяна Маккова мен Ирина Цымбалова вьетнамдық Нгуйен мен Пхам Ти Саммен (Nguyen / Pham Thi Cam) сайысқа түседі.

Бұған дейін ерлер арасындағы бәсекеде А.Сидоренко мен А. Дьяченко Вьетнам, Гонконг, Тәжікстан спортшыларын, Д.Яковлев пен А. Кулешов Иран, Үндістан, Камбоджа спортшыларын жарыс жолынан шығарған болатын. Ал әйелдер арасындағы додада Т.Машкова мен И. Цымбалова Вьетнам, Қытай, Жапония елінен келген құрдастарынан басым түсті.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера