Қазақстандық жағажай волейболшылары Канадада өткен 21 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Әлем чемпионатына қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық жағажай волейболшылары Канадада өткен 21 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Әлем чемпионатына қатысты

Қазақстандық жағажай волейболшылары Канадада өткен 21 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Әлем чемпионатына қатысты

Канададағы Галифаксте 19 тамыз-2 қыркүйек аралығында 21 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Әлем чемпионаты өтті.

  • 4 Қыркүйек 2012
  • 365
Фото - Caravan.kz


30 команда қатысқан бұл дүбірлі додада ел намысын Бақытгүл Самаликова мен Любовь Богату қорғаған болатын. Олар топтық кезеңдегі алғашқы кездесуде неміс қыздарын 2:1 (21-16, 18-21, 15-13) есебімен ұтып, екінші кездесуде американдықтарға (13-21, 12-21) 0:2, ал үшінші кездесуде бразиялиялықтарға (9-21, 13-21) 0:2 есебімен есе жіберді. Топтық сында 3 жұп та бір ойында жеңіске жеткендіктен, партиялардағы доп айырмашылығы сарапқа салынып, онда өзге командалардың жолы болды. Соның нәтижесінде жарысты ерте аяқтаған 5 команданың бірі ретінде 25-інші орынға табан тіреді. Бақытгүл Самаликова мен Марина Пилипенко былтырғы Әлем чемпионатында тоғызыншы орын алған болатын.