Қазақстандық жағажай волейболшылары «Киш Оупен» Азиялық турына қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық жағажай волейболшылары «Киш Оупен» Азиялық турына қатысады

Қазақстандық жағажай волейболшылары «Киш Оупен» Азиялық турына қатысады

Иранның Киш аралында 6-8 наурыз күндері жағажай волейболынан ерлер командалары арасында «Киш Оупен» Азиялық туры өтеді.

  • 2 Наурыз 2012
  • 389
Фото - Caravan.kz


Онда ел намысын 2 жұп қорғағалы отыр. Олар — Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко және Алексей Кулешов пен Дмитрий Яковлев. Денис Ровкин жаттықтыратын ұлттық құрама былтыр аталмыш жарыстан алтын және күміс медальмен оралған еді. Биыл олар енді ирандықтардан 21-22 қаңтар күндері Шри Ланканың Коломбо қаласында өткен Олимпиада ойындарының дәрежелік іріктеу жарысының 2-кезеңінде кеткен есесін қайтаруға барлық күш-жігерін жұмсамақ. Онда ерлер құрамасы жартылай финалда шри-ланкалықтарды 4:0 есебімен ойсырата ұтқан болатын. Одан кейін ақтық сында налда ирандықтармен 2:2 есебімен тең түсті. Сол себепті жеңімпаз тай-брейкте анықталған болатын. Бұл сайыста Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко Парвиз Фарух пен Мохаммад Салахқа 10:15 есебімен есе жіберген еді.