Қазақстандық жағажай волейболшылары Тайландтағы Азиялық турды сәтті бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық жағажай волейболшылары Тайландтағы Азиялық турды сәтті бастады

Қазақстандық жағажай волейболшылары Тайландтағы Азиялық турды сәтті бастады

Кеше Тайландтың Сонгхла қаласында жағажай волейболынан Азиялық тур басталды. Оған 13 елден 24 ер және 23 әйелдер жұбы қатысуда.

  • 11 Сәуiр 2011
  • 381
Фото - Caravan.kz


Жүлде қоры 30 мың АҚШ долларын құрайтын бұл байрақты бәсеекеде ел намысын ерлер мен әйелдер арасында екі-екіден 4 жұп қорғап жатыр. Олардың төртеуі де алғашқы жарыс күнін сәтті өткізді. Мәселен, өткен жылғы турнирде қола жүлдегер атанған Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова жаңазеландиялық қарсыластарын 21:9, 21:6 есебімен ұтты. Олардың командалас серіктері Бақытгүл Самалықова мен Марина Пилипенко болса малайзиялықтарды (21:16, 27:25) тізе бүктірді. Ал Александр Дьяченко мен Алексей Сидоренко гонконгтықтарды (21:14, 21:8), Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов вьетнамдықтардан (21:18, 21:13) 2:0 есебімен басым түсті. Бүгін Татьяна мен Ирина австралиялық, Бақытгүл мен Марина вьетнамдық, Александр мен Андрей индонезиялық, Дмитрий мен Алексей ирандық спортшыларымен бсекеге түседі.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера