Қазақстандық және Әзербайжандық танкерлер бірлесіп 2008-жылы 50 млн. тонна мұнай тасымалдайтын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық және Әзербайжандық танкерлер бірлесіп  2008-жылы 50 млн. тонна мұнай тасымалдайтын болады

Қазақстандық және Әзербайжандық танкерлер бірлесіп 2008-жылы 50 млн. тонна мұнай тасымалдайтын болады

2005-жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша, Каспий теңізі кеме шаруашылығы (КАСПАР) 4 млн. 460 мың тонна түрлі тауарларды тасымалдады, оның 3 млн. 342 мың тоннасы мұнай және мұнай өнімдері. Жалпы алғанда кеме шаруашылығы биыл 14 млн. тонна түрлі жүктер тасымалдвуды көздеп отыр. Олардың 70-75 проценті мұнай және мұнай өнімдерінің үлесінде. Бұл туралы Бакуде өткен баспасөз мәслихатында Каспий теңізі кеме шаруашылығы (КАСПАР) басшысының экономика мәселелері жөніндегі орынбасары Тофик Мансұров мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 27 Мамыр 2005
  • 758
Фото - Caravan.kz

Т.Мансұровтың айтуынша, қазіргі жағдаймен КАСПАР танкерлер мен паромдардың көмегімен жылына 20 млн. мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдай алады.

Т.Мансұровтың айтуынша, кеме шаруашылығын дамыту жөніндегі бағдарламада 7 танкер сатып алу қарастырылған. Соның ішінде жүк сыйымдылығы 8 мың тоннадан келетін 2 танкер, әрбіреуі 13 мың тонна жүк көтере алатын 5 танкер сатып алу көзделді. КАСПАР қазір 4 танкер сатып алды. Осыдан 3-4 айдан кейін Әзербайжанған дедвейті 13 мың тонна болатын үшінші танкер жеткізілсе, 2006-жылы тағы да осындай 2 танкер әкелінеді. Танкерлер КАСПАР-дың тапсырысы бойынша РФ-ның Нижний Новгород қаласындағы «Красное Сормово» зауытында жасалады. Бұл кемелерді сатып алуға 50 млн. доллар көлемінде инвестиция жұмсалады. Оны кеме шаруашылығы өз қаржысынан бөлмекші.
Қазақстанның дербес танкер флотын құру жоспарына тоқталған Т.Мансұров 2008-жылы Қазақстандық және Әзербайжандық танкерлер бірлесіп 50 млн. тонна мұнай тасымалдайтын болады деп хабарлады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 23-мамырда Қазақстанда Дедвейті 12 мың тоннаны құрайтын «Астана» танкері пайдалануға берілді. Қазір Выборг кеме жасау зауытында осындай тағы екі танкер құрастырылу үстінде.

Перейти к новостям спорта