Қазақстандық және малайзиялық компаниялар арасында өзара түсіністік жөнінде меморандумға қол қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық және малайзиялық компаниялар арасында өзара түсіністік жөнінде меморандумға қол қойылды

Қазақстандық және малайзиялық компаниялар арасында өзара түсіністік жөнінде меморандумға қол қойылды

Бүгін Астанада «АманаРайа Капитал Групп» (Малайзия) және «Октан Групп» (Қазақстан) компанияларының арасында өзара түсіністік жөнінде меморандумға қол қойылды.

  • 7 Маусым 2011
  • 289
Фото - Caravan.kz

Аталмыш құжат компаниялардың елімізде жүзеге асырылатын бірқатар индустриялды-инновациялық жобаларды бірлескен түрде жүзеге асыру ісін қамтамасыз етуге бағытталған. Компания өкілдерінің айтуларынша, олар Ислам қаржы институттарын пайдалана отырып, елдегі индустриялды-инновациялық жобаларға инвестиция тартуды көздеп отыр.

«Екіжақты бірлескен қимылдар әсіресе мұнай, газ, тау-кен, білім, логистика, фармацевтика және ауыл шаруашылығы сияқты салаларды қамтиды. Бірлескен қимылдар біздің инновациялық жобаларымызға Исламдық қаржы құралдарын тарту ісіне тың серпін берері сөзсіз»,-деді «Октан Групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас директоры Бауыржан Терлікбаев.

Оның сөзінше, бұл бағыттағы шаралар «Октан Групп» компаниясына жаңа белестерді бағындырып, малайзиялық әріптестерінен тәжірибе жинақтап, отандық мамандарды даярлауға игі ықпал етпек.

Соңғы жаңалықтар