Қазақстандық және Ресейлік полиция қызметкерлері бірлесіп есірткі саудагерлерін ұстау операциясын жүзеге асырды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық және Ресейлік полиция қызметкерлері бірлесіп есірткі саудагерлерін ұстау операциясын жүзеге асырды

Қазақстандық және Ресейлік полиция қызметкерлері бірлесіп есірткі саудагерлерін ұстау операциясын жүзеге асырды

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІБ-ның есірткі саудасымен күрес бөлімі мен жол полициясы басқармасының жедел-іздестіру бөлімінің қызметкерлері РФ Омбы облысының есірткіге мемлекеттік бақылау басқармасы қызметкерлерімен бірлесе отырып есірткі саудагерлерін ұстау операциясын жүзеге асырды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Солтүстік Қазақстан облыстық ІІБ баспасөз қызметінің төрайымы Мәдина Балғашықова хабарлады.

  • 24 Шiлде 2003
  • 391
Фото - Caravan.kz

Омбы облысы Есілкөл ауданының Юнино ауылында ішінде Петропавл қаласының екі тұрғыны (оның бірі Шешенстанда туған) отырған «ВАЗ-2106» автокөлігі ұсталды.

Тексеру кезінде олардан 684 грамм героин тәркіленді. Бұл РФ Қылмыстық Кодексі бойынша аса көп мөлшерге саналады. Осыған сәйкес тұтқындардың үстінен РФ Қылмыстық Кодексінің 188-ші бабы (контрабанда) және 228-бабының 4-тармағы (аса көп мөлшерде есірткі саудасымен айналысу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Есірткіні саудагерлер РФ-ның аумағында сатуға ниеттеніпті. Есірткі барондарын ұстау операциясына Ресейдің арнаулы бөлімінің отряды қатысты.

Соңғы жаңалықтар