Қазақстандық және Украиналық бітімгершілер ирактық саперлерді оқыта бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық және Украиналық бітімгершілер ирактық саперлерді оқыта бастады

Қазақстандық және Украиналық бітімгершілер ирактық саперлерді оқыта бастады

Қазақстандық және Украиналық бітімгершілер ирактық саперлерді оқыта бастады. Бұл туралы Украина қорғаныс министрлігі таратқан ресми хабарламада айтылған,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Шiлде 2005
  • 355
Фото - Caravan.kz

Ирактың үшінші жаяу әскерлері бригадасына арнап саперлер дайындау Украинаның Ирактағы «Дельта» бітімгершілік құрамасының негізінде қолға алынды.

Украина Қарулы күштері 81-ші тактикалық тобының инженерлік қызметінің бастығы Олег Гембарскийдің хабарлауынша, ирактық саперлерді дайындау бағдарламасы теориялық және тактикалық деген екі бөлімнен құралады. Ирак жауынгерлері өңірді барлау, жарылғыш заттарды тауып, көзін жою әдістеріне машықтанатын болады.
Алғашқы үш сабақ барысында Ирак жауынгерлеріне инженерлік-саперлік жұмыстар барысындағы қауіпсіздік техникасы туралы мағлұмат беріліп, негізгі оқ-дәрі түрлері мен оларды жару тәсілдерінен хабардар болады. Сонымен бірге оларды жарылғыш заттарды табудың техникалық тәсілдеріне үйрету көзделген.
Инженерлік барлау жұмыстарына тәжірибе жүзінде дайындау барысында Ирак жауынгерлері Қазақстандық және Украиналық бітімгершілердің басшылығымен осы елдің Васит провинциясы аумағында жаттығудан өтеді.

Перейти к новостям спорта