Бұл туралы «Экспресс-К» газеті жазады.
Басты рөлді өз кейіпкеріне қатты ұқсайтын Дәулет Әбдіғапаров сомдайтын болады. Жағымсыз кейіпкер рөліне рессейлік белгілі боксшы Николай Валуевты шақыру жоспарланып отыр.
«Рывок» фильмімен көрерменге таныс Қ.Мұстафин аталмыш картинаны түсіруді бір жылдан астам уақыт ойластырып жүрді. Осы уақыт бойы режиссер аты аңыз балуанның өмірі туралы жан-жақты зерттеп, оқуда. аулет Абдыгапаров. Фото
Автордың сөзінше, ол жаңа фильмде балуанның өмір жолын толығымен көрсететін болады. Әңгіме Қажымұқанның ұлының атынан баяндалады. Бұл рөлге танымал қазақстандық актер Нұржұман Ықтымбаевты шақыру көзделген.
Режиссер кеңесшілер ретінде Қажымұқан туралы кітаптің авторын және ҚР Еркін күрес федерациясының өкілдерін тартпақ ойда. Қазіргі уақытта лента сценариінің жобасы «Қазақфильм» киностудиясында қаралу үстінде.