Шернияз еуропалық танымал музыкант, маэстро Рубен Сильва дирижерлік еткен Варминский-Мазурский симфониялық оркестрімен бірге өнер көрсетті.
Концерт үлкен табыспен өтті. Көрермендер Шернияздың өнерін ыстық ықыласпен қабылдады. Жас скрипкашы Петр Чайковскийдің «Фа-минор» төртінші симфониясын, Антонин Дворжактың «Карнавал» концерттік увертюрасын, Алексанлр Глазуновтың скрипка мен оркестрге арналған концертін орындады.
Көптеген халықаралық конкурстардың лауреаты болып табылатын Шернияз қазір Владимир Спиваков атындағы қордың стипендиаты және П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының жанындағы Орталық музыкалық мектептің шәкірті.