«Мен Қазақстанда туғанмын, бірақ Францияда бұрыннан тұрамын. Екі елді де сүйемін. Мен үшін шекаралардың жоқтығы үлкен артықшылық болып табылады. Бұл балалардың жұмыстарын Париж көреді», — дейді «Қазақстан – Шығыс пен Батыстың арасына көпір салу» жобасының ұйымдастырушысы Лариса Инджуджян.
Оның айтуынша, Париждегі көрменің қарсаңында Атырауда Алматы мен Атыраудағы сурет академияларының 4-11 жасар оқушылары салған туындылардың көрмесі ашылды.
«Біз мұндай конкурсты Атырауда өткізуді шештік. Біздің жобамыз Шығыс пен Батыстың арасында деп аталады», — деді Л. Инджуджян.
Оның айтуынша, жұмыстар 7 номинациябойынша бағаланады. Жобаның басты мақсаты – жұртшылыққа жас суретшілердің қиялын көрсету.
«10 қырқүйекте жас суретшілердің жұмысын алматылықтар тамашалайды», — деді Л. Инджуджян.