Жарияланды: 2100

Қазақстандық жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесі талқыланады

Ертең Астанада балалар суициды, Қазақстанда балалар мен жастар ортасындағы аутодеструктивті үрдісті еңсеру мәселелері талқыланады.

Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар - ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқығын қорғау комитеті, Соғыс және бейбітшілік репортаждары институтының (IWPR) Қазақстан Республикасындағы өкілдігі және «Қазақстанның тең құқықтар мен тең мүмкіндіктер институты» қоғамдық қоры. Шара барысында Қазақстандағы жасөсіпірімдер мен жастар арасындағы суицид мәселесі талқыланып, ахуалдан шығудың институционалдық механизмдері анықталатын болады. Сондай-ақ, «Балалар мен жастар ортасындағы аутодеструктивті үрдістің психопрофилактикасы» атты әдістемелік құралдың тұсауы кесіледі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін