Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар — ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқығын қорғау комитеті, Соғыс және бейбітшілік репортаждары институтының (IWPR) Қазақстан Республикасындағы өкілдігі және «Қазақстанның тең құқықтар мен тең мүмкіндіктер институты» қоғамдық қоры.
Шара барысында Қазақстандағы жасөсіпірімдер мен жастар арасындағы суицид мәселесі талқыланып, ахуалдан шығудың институционалдық механизмдері анықталатын болады. Сондай-ақ, «Балалар мен жастар ортасындағы аутодеструктивті үрдістің психопрофилактикасы» атты әдістемелік құралдың тұсауы кесіледі.