Қазақстандық «Жаужүрек мың бала» фильмі «Алтын глобус» сыйлығына лайық - HFPA - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық «Жаужүрек мың бала» фильмі «Алтын глобус» сыйлығына лайық - HFPA

Қазақстандық «Жаужүрек мың бала» фильмі «Алтын глобус» сыйлығына лайық - HFPA

Қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың бала» кино картинасы Голливудтың шетелдік баспасөз қауымдастығы (HFPA) президенті Аида Такла-ОРейлиді жақсы әсерге бөлепті.

  • 18 Қыркүйек 2012
  • 544
Фото - Caravan.kz

«Жаужүрек мың баланың» режиссерлерінен фильмді «Алтын глобусқа» өткізуді сұраймын. Әлем халқы бұл фильмді көруі тиіс», — деді ол сейсенбі күні VIII халықаралық «Еуразия» кинофестиваліне арналған баспасөз мәслихатында.

HFPA президенті кинолентадан алған әсерімен бөлісті. «Ол менің бойымда терең із қалдырды. Бұл қазақ халқының мәдениетін, ержүректігін, тұрмысы мен тарихын баяндайтын тамаша фильм», деді ол.
«Алтын глобус» — Голливудтың шетелдік баспасөз қауымдастығы тағайындаған сыйлық. Ол 1944 жылдан бері үздік кинофильмдер мен телевизиялық картиналарға беріліп келеді.

Перейти к новостям спорта