Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова «Гауһар лигасының» рейтингісінде бірінші орында - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова «Гауһар лигасының» рейтингісінде бірінші орында

Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова «Гауһар лигасының» рейтингісінде бірінші орында

Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова Лозаннада өткен «Гауһар лигасының» 11-ші кезеңінде үш қарғып секіруден жеңімпаз атанды, деп хабарлайды www.Vesti.kz.

  • 24 Тамыз 2012
  • 547
Фото - Caravan.kz

Лондон Олимпиадасының чемпионы бірінші мүмкіндігін пайдаланбады, алайда екіншісінде 14,45 метрге секіріп бірінші болды. Үшінші секіру одан да табысты болды — О.Рыпакова 14.68 метрге ұшты. Төртінші мүмкіндікте 27 жасар қазақстандық спортшы 14,56 метрге секірді, қалған екеуін пайдаланбады.

Қорытындысында оның қарсыластарының ешқайсысы 14,45 метрге де секіре алмады. Бұл нәтижеге украиналық Ольга Саладуха жақын болды, 14,42 метрге секірген ол екінші атанды. Үшінші орын 14,39 метрге секірген ресейлік Татьяна Лебедеваның еншісінде.

«Гауһар лигасының» 11-ші кезеңінің жеңімпазы жарыс рейтингісінде бірінші орыннан көрінетінін атап өтейік.

Естеріңізге сала кетейік, О.Рыпакова 2012 жылғы Олимпиада ойындарында 14,98 метрге секіріп чемпион атанды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера