Оның осынау жарыстағы сәтті жеңісі Рио-де-Жанейро Олимпиадасына жолдама алуына мүмкіндік берді, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Ольга Рыпакова өзінің спорттық жолында үшінші рет әлемдік додаға қатысатын болады. Бұған дейін спортшы 2008 жылы Пекин олимпидасына қатысса, 2012 жылы Лондон олимпиадасында алтын медальді иеленіп, Олимпиада чемпионы атанды.
«Халықаралық жарыстарда биіктен көрініп жүрген талантты спортшы Қазақстанның және еліміздің Қарулы Күштерінің атын шығаруда. Оның жеңістері әскери қызметшілер мен жастардың спортпен айналысуға деген қызығушылығын тудырып, ынталандырады», — деп атап өтілген хабарламада.