әйелдер арасында екі-екі жұптан қорғаған болатын. 2012 жылы Лондонда өтпетін Жазғы Олимпиада ойындарының жолдамасын алуға қажетті ұпайлар сарапқа салынған бұл жарысқа ерлер арасында -27, әйелдер арасында -24 жұп өнер көрсетті. Онда Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко қола жүлдегер атанып, Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов үздік бестіктің қатарына енді. Ал Ирина Цимбалова мен Татьяна Машкова және Бақтыгүл Самаликова мен Марина Пилипенко бұл сында үздіктер қатарына ене алмады. Қазақстандық спортшылар енді 21 қаңтарда Шри-Ланка елінің Коломбо қаласында өтетін іріктеу турниріне қатыспақ.