Қазақстандық жиһанкездер «Сэнди» дауылы кесірінен жоспарларын өзгертуге мәжбүр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық жиһанкездер «Сэнди» дауылы кесірінен жоспарларын өзгертуге мәжбүр

Қазақстандық жиһанкездер «Сэнди» дауылы кесірінен жоспарларын өзгертуге мәжбүр

Әлемді аралауға аттанған кезекті қазақстандық экспедиция «Сэнди» дауылының кесірінен жоспарларын өзгертуге мәжбүр. Жеңіл көлік пен мотоцикл тақымдаған жиһанкездер Кубадан шығып, Гаитиге бет алған екен. Алайда дауыл кесірінен барлық қатынас тоқтатылып, экспедиция мүшелері Багам аралдарының бірінен шыға алмай отыр. Кариб бассейнінде басталған «Сэнди» дауылы қазір күш алып, АҚШ жағалауына қарай жылжып барады. 

  • 30 Қазан 2012
  • 376
Фото - Caravan.kz

Танымал байкер Дмитрий Петрухин бастаған кезекті экспедициялық топ жаһанды жеңіл көлікпен, мотоциклмен аралауға шыққан болатын. Алайда өткен аптадан бері Багам аралдарында тұралауға мәжбүр. Қарыс қадам жасауға табиғаттың тосын мінезі мүмкіндік берер емес. Өйткені Кариб бассейнінде қазір «Сэнди» дауылы күшейіп тұр. Мұнда әуедегі де, теңіздегі де қатыныс толық тоқтатылған.

Дмитрий Петрухин, экспедиция жетекшісі:

— Қазір дауыл дәл осында қарай бет алып келеді. Екі үш сағатта жетіп қалуы мүмкін. Қалада тірі жан жоқ. Бәрі тығылып қалған.

Экспедиция мүшелері Кубан Гаитиге қарай шыққан болатын. Бірақ діттеген жерлеріне сол күйі жете алмай, Нассау аралына аялдады. Десе де жиһанкездер дауыл басылысымен сапарларын әрі қарай жалғастыратындарына сенімді. Айта кетейік, қазақстандық экспедиция «Экспо-2017» көрмесін Орталық Америка елдеріне жарнамалау үшін шыққан болатын. Ал дауылдан жапа шеккен Куба, Ямайка, Пуэрто-Рико мен Багам аралдарында қазірдің өзінде қаза тапқандар саны 65 адамға жеткен.

Сан Тино, Нассау аралының тұрғыны:


Бұндай дауылды өмірімде көрмеппін. Үлкен ағаштарды тамырымен жұлып кетті. Электр сымдарын үзіп, көліктерді аударып тастады. Әлі өзімізге келе алар емеспіз.

Мамандар «Сэнди»-ді соңғы 20 жылда болмаған жойқын дауыл деп отыр. Дүлей жел мен нөсер жауын қазір АҚШ жағалауына қарай жылжып барады. Жылдамдығы да уақыт өткен сайын күшеюде. Сағатына 120 шақырымға жеткен. Жағалауға жақын штаттарда төтенше жағдай жарияланды. Мемлекеттік мекемелер мен биржалар жұмысын тоқтатты. Тіпті БҰҰ-ның бүгінге жоспарланған шарасы да кейінге шегерілді. Табиғаттың тосын мінезі президент сайлауына қызу дайындалып жатқан үміткерлер үшін де үлкен сын болды. Сайлау алды үгіт насихат жұмыстарын тоқтатқан Барак Обама бар күшті апатты аймаққа жұмылдыруда. Әуеге көтерілмей қалған рейстердің жалпы саны 8 мыңға жуықтаған. Синоптиктер дауыл әлі де күш алуы мүмкін дейді. Өйткені тропикалық дауыл Канададан келетін суық циклонмен қосылса, жағдай мүлдем ушығатын түрі бар. Алдын ала болжам бойынша АҚШ-та апаттан 60 млн адам зардап шегуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар