Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Көліктердің жалпы саны мыңнан асады. Оның ішінде елуі отандық жүргізушілер.
Мәселе Еуропалық Одақтың Ресей мен Беларуське санкция салуынан басталды. Кейін беларус елінің кәрі құрлықтан қатынайтын жүк көліктеріне қарымта шектеу енгізуі жағдайды ушықтырып жіберді.
Беларусь шектеуін алмаса, ұзынсонар кезек жаз бойы жалғасады.
"Еуропадан келетін жүк шекаралас терминалдарға дейін жеткізіледі. Сол жақтан Ресейге, Беларусь және Қазақстан Республикаларына жөнелтіледі. Ресей тарапы Батыс тасымалдаушыларына өз аумағымен жүруге ешқандай тыйым салмаған. Осыған байланысты Ресей мен Латвия бекеті арқылы өткісі келетіндердің саны күрт артты", — дейді "Атамекен" ҰКП департамент директоры Мұрат Амрин.
Оның айтуынша, қазақстандық тасымалдаушылардың да басқа жолмен барар баламалы бағыты жоқ.
Сорақысы сол, кеденнен өту ұзақтығы 5 күннен 2 аптаға дейін ұзарды, дейді ол