«Бұл сыйлықтар елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды қолдауға бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қосқан үлкен үлесін ескеру» негізінде беріліп отыр,- деді мемлекеттік хатшы.
Елбасының өкіміне сай «Қазақстан» республикалық телеардиокорпорациясы» АҚ-ның «Мезгіл» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының авторы, әрі жүргізушісі Ғалым Боқаш, «Северный Казахстан» қоғамдық саяси газетінің бас редакторы Иван Моор Елбасы сыйлықтарына ие болса, «Ара-kz» сын-сықақ журналының бас редакторы Көпен Әмір Бек, Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы Жанболат Аупбаев және «Известия-Казахстан» мен «Труд-Казахстан» газеттерінің журналисі Гүлнәр Рахметова Президент гранттарын алды.
Сондай-ақ, «Вечерний Алматы» газетінің ұжымына, облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы Жақыпжан Нұрғожаевқа, публицист Аяған Сандыбайға, журналист Сәдібек Түгелге Қазақстан Республикасы президентінің Алғысы жарияланған еді.
Бүгін Мемлекеттік хатшы осы журналистерге аталған сыйлықтары мен гранттарын табыс етті.