Қазақстандық зілтемірші К.Павлов Б тобында 3-ші орынға тұрақтады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық зілтемірші К.Павлов Б тобында 3-ші орынға тұрақтады

Қазақстандық зілтемірші К.Павлов Б тобында 3-ші орынға тұрақтады

Лондон Олимпиадасында ауыр атлетикадан 77 келі салмақ санатында жарыс жолына шыққан қазақстандық зілтемірші Кирилл Павлов Б тобында үшінші орынға тұрақтады.

  • 1 Тамыз 2012
  • 514
Фото - Caravan.kz

Ол жұлқа көтеруде — 147, ал серпе көтеруде 175 келіні бағындырды. Бұл топта қос жаттығудың нәтижесінде 331 келілік зілтемірді бағындырған нигериялық Феликс Экпо екінші, ал 333 келіні көтерген испандық Андре Эдуардо Мата Перез бірінші орынға көтерілді.

Айта кетейік, салмақ санатындағы мықтылар бүгін кешке сайысқа түседі.

Кирилл Павлов пен Александр Зайчиков денсаулықтарына байланыста сайыстан шеттетілген ауыр атлеттер Арли Чонтей мен Фархад Харкидің орнына Олимпиада ойындарына қатыстырылған болатын.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера