Қазақстандық-ресейлік «Ирония любви» фильмі Болгариядағы кинофестивальдің конкурстық бағдарламасына енді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық-ресейлік «Ирония любви» фильмі Болгариядағы кинофестивальдің конкурстық бағдарламасына енді

Қазақстандық-ресейлік «Ирония любви» фильмі Болгариядағы кинофестивальдің конкурстық бағдарламасына енді

Шәкен Айманов ат. «Қазақфильм» киностудиясы түсірген режиссерлар Ержан Рүстембеков пен Александр Черняевтың «Ирония любви» фильмі Болгариядағы «Любовь – это сумасшествие» XIX халықаралық кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына өтті, деп хабарлайды киностудия.

  • 24 Тамыз 2011
  • 512
Фото - Caravan.kz

Еске сала кетейік, фильм жолы болмай жүрген ботаник Иванды (ресейлік актер Алексей Чадов) өзіне ғашық етпек болған дәулетті отбасынан шыққан Әсел туралы баяндайды.

Алғашқы кинофестиваль 1993 жылы өтті. «Любовь – это сумасшествие»формуласы – болгар киносының алғашқы жылдары түсірілген болгар режиссерының фильмінің атауы.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Варна фестивалінің аясында арнайы қазақстандық панорама ұйымдастырылады. «Қазақфильм» киностудиясында соңғы жылдары түсірілген фильмдер: Фархат Шәріповтың «Сказ о розовом зайце», Ақан Сатаевтың «Ликвидатор», Қанағат Мұстафиннің «Рывок», Қуат Ахметовтың «Сіз кімсіз, К мырза?», Сәбит Құрманбековтың «Секер» фильмдері көрсетіледі», — делінген ақпаратта.

Кинофестиваль Болгарияның Варна қаласында 26 тамыз бен 1 қырқүйек аралығында өтеді.

Перейти к новостям спорта