Қазақстандық-ресейлік шекарада кедендік бекеттер жабылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық-ресейлік шекарада кедендік бекеттер жабылуда

Қазақстандық-ресейлік шекарада кедендік бекеттер жабылуда

РФ-мен шекаралас Қостанай облысында бейсенбіде қазақстандық-ресейлік шекарада кедендік бекеттерді жабу рәсімі басталды.

  • 1 Шiлде 2011
  • 437
Фото - Caravan.kz


«Шаралар жергілікті 18:00 сағатта басталды, облыста орналасқан автомобиль өткізуші бүкіл алты пунктте біруақытта кеден ведомствосының жалаулары түсірілді. 1-шілдеден бастап бұл бекеттерде Қазақстанның кеден қызметтерінің қызметкерлері тұрмайды», деп хабарлады «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне облыстық кеден бақылауы департаментінің бастығы Анатолий Ли.
Оның айтуынша, кедендік, ветеринарлық және көліктік бақылау енді Кеден одағының сыртқы шекараларына ауыстырылған.
А.Лидің деректеріне қарағанда, шекарада бақылауды ҰҚК облыстық департаментінің шекаралық қызметі ғана жүргізеді.

Перейти к новостям спорта