"Шаралар жергілікті 18:00 сағатта басталды, облыста орналасқан автомобиль өткізуші бүкіл алты пунктте біруақытта кеден ведомствосының жалаулары түсірілді. 1-шілдеден бастап бұл бекеттерде Қазақстанның кеден қызметтерінің қызметкерлері тұрмайды", деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне облыстық кеден бақылауы департаментінің бастығы Анатолий Ли.
Оның айтуынша, кедендік, ветеринарлық және көліктік бақылау енді Кеден одағының сыртқы шекараларына ауыстырылған.
А.Лидің деректеріне қарағанда, шекарада бақылауды ҰҚК облыстық департаментінің шекаралық қызметі ғана жүргізеді.