Қазақстандық-ресейлік жұп Португалиядағы Estoril Open халықаралық теннис турнирінің финалына шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 489.3
  • 578.94
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық-ресейлік жұп Португалиядағы Estoril Open халықаралық теннис турнирінің финалына шықты

Қазақстандық-ресейлік жұп Португалиядағы Estoril Open халықаралық теннис турнирінің финалына шықты

Ресейлік Алиса Клебановамен жұптасып өнер көрсеткен қазақстандық теннисші Галина Воскобоева Португалиядағы Estoril Open халықаралық турнирінің финалына шықты.

  • 29 Сәуiр 2011
  • 415
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Теннис федерациясынан хабарлады.

Галина Воскобоева мамыр айында Алиса Клебановамен бірге жартылай финалдық матчта американдық жұп Рагул Копс-Джонс пен Абигэйл Спирсті 6:4, 6:3 есебімен ұтқан болатын.

Ақтық ойында олар Мерван Джугич-Салкис (Босния мен Герцеговина) мен Дария Джурак (Хорватия) және Элен Данилиди (Мысыр) мен Михаэль Крайчек (Нидерланд) жұптарының жеңімпазымен кездесетін болады.

Айта кетейік, жартылай финалдық матчқа дейін қазақстандық-ресейлік жұп германиялық жұп Жасмин Воэр/ Кристина Барросты екі сетте 6:3, 7:5 есебімен жеңді. Сейсенбі күні бірінші кезеңде Воскобоева мен Клебанова Ипек Синоглу (Турция) мен Селим Сфардың (Тунис) жұбынан үш сетте 6:0, 0:6, 11:9 ұпайымен басым түсті.