Қазақстандықтар 17 мың көлікті шетелдіктерге «тегін» бере салған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтар 17 мың көлікті шетелдіктерге «тегін» бере салған

Қазақстандықтар 17 мың көлікті шетелдіктерге «тегін» бере салған

Қазіргі кезде Қазақстанда ұрланған 200 көлік ТМД аймағында жүр

  • 29 Қараша 2017
  • 210
Фото - Caravan.kz

1993 жылдан бері Қазақстанда ұрланған 60 мың көлік шекара асып, әлемнің түкпір-түкпіріне тарап кеткен. Осы уақытқа дейін 43 мың көлік қайтарылды. Қалған 17 мың көлік әлі табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуовтің айтуынша, қазіргі кезде ол көліктерді қайтарған тиімсіз. Себебі біраз уақыт өтіп кетті. Ұрланған көліктер тозды. Айыппұл тұрағынан алу үшін қыруар ақшаны да төлеуге тура келеді. Сол себепті көлік иелері темір тұлпарларын іздеуді қойды. Ал ТМД бойынша көліктерді ұрлауға қарсы күрес туралы келісімнің арқасында қолды болған машиналарды жылдам қайтаруға мүмкіндік бар.

«Мәселен, біз өз жерімізде ұрланған көлікті анықтасақ, 20 күннің ішінде көрші елдердің тиісті органдарына хабар береміз. Олардың тергеу қызметі 30 күннің ішінде дәл сол көліктердің ұрланғанын растауы тиіс. Бір айдың ішінде жауап келмесе, біз ол көлікті аукцион арқылы сата аламыз. Қазіргі кезде Қазақстанда ұрланған 200 көлік ТМД аймағында жүр. Соның 66-сын қайтардық», — деді Медеуов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында. 

Айта кетейік, бүгін сенаторлар ТМД елдерінің көліктерді ұрлауға қарсы күрес келісімін ратификациялау туралы заң жобасын талқыға салды. Аталған құжатты ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов таныстарды. Оның айтуынша, 2005 жылы он елдің басшылары келісімге қол қойған болатын. Бертін келе, Украина мен Грузия келісімнен бас тарты. Осы уақытқа дейін оны 6 мемлекет ратификациялады. Енді, Қазақстан, Тәжікстан мен Әзербайжан қалды.


Соңғы жаңалықтар