Қазақстандықтар Азиялық жазғы сурдлимпиада ойындарында 1 алтын, 1 күміс, 7 қола медаль иеленді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтар Азиялық жазғы сурдлимпиада ойындарында 1 алтын, 1 күміс, 7 қола медаль иеленді

Қазақстандықтар Азиялық жазғы сурдлимпиада ойындарында 1 алтын, 1 күміс, 7 қола медаль иеленді

Кеше Оңтүстік Кореяда құлағы мүкіс мүгедектер арасында VII Азия-тынық мұхит жазғы ойындары аяқталды.

  • 4 Маусым 2012
  • 421
Фото - Caravan.kz


Штаттық ұлттық командалар және спорт резерві дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандықтар онда 25 елдің ішінен жалпы командалық есепте 9-орын алған. Бұл байрақты бәсекеде олар футбол, футзал, жүзу, бадминтон, үстел теннисі, таэквондо және жеңіл атлетика сияқты спорттың 7 түрінен өнер көрсеткен болатын. Онда жеңіл атлеттер ел қоржынына түскен 9 медальдің 8-ін салды. Атап айтқанда алматылық Рүстем Абаканов үш қарғып секіруден алтын, биіктікке секіруден күміс, Анастасия Ломанова 400 метрге жүгіруден қола жүлде иеленді. Ақмолалық Ержан Асылбек 1500 және 10 мың метрге жүгіруден 2 мәрте, ал Елена Путинцева ұзындыққа секіруде үздік үштіктің қатарынан көрінді. Әйелдер командасы 4х100 және 4х400 метрлік эстафетада қола жүлдегер атанды. Спорттың өзге түрлерінен тек таэквондодан павлодарлық Сәния Досымханова ғана үздік үштіктің қатарынан көрінді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера