Қазақстандықтар биыл ет пен картоп жеуді азайтқан - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтар биыл ет пен картоп жеуді азайтқан

Қазақстандықтар биыл ет пен картоп жеуді азайтқан

Ал жеміс-жидек, балық және жұмыртқа тұтыну көлемі, керісінше, артыпты

  • 14 Желтоқсан 2017
  • 135
Фото - Caravan.kz

Қазақстан тұрғындары 2017 жылы ет пен картопты пайдалануды азайтты, деп хабарлайды Sputnik FinProm.kz-ке сілтеме жасап. 

Жалпы, қазақстандықтар биыл он негізгі өнім түрлерінің ішінде жетеуін көбірек тұтына бастаған. Дәлірек айтсақ, 3-ші тоқсандықта жеміс-жидекті былтырғы жылмен салыстырғанда 4,8%-ға артық сатып алыпты. Ал жұмыртқа пайдалану көлемі 3,4%-ға, тәтті тағамдар — 2%-ға, нан тағамдары мен дәнді-дақылды өнімдер — 1,9%-ға, балық пен теңіз өнімдері — 0,7%-ға көбейген.

Бір қызығы, картоп тұтыну көлемі күрт азайып кеткен екен, яғни 2016 жылмен салыстырғанда 4,2%-ға төмендеген. Сүт өнімдерін сатып алу көлемі 1%-ға, ет өнімдері — 0,5%-ға азайған.