Қазақстандықтар доллармен емес, теңгемен депозитке ақша сақтай бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтар доллармен емес, теңгемен депозитке ақша сақтай бастады

Қазақстандықтар доллармен емес, теңгемен депозитке ақша сақтай бастады

Қазақстанда депозитте қазір 17 триллион теңгеден астам қаражат жатыр.

  • 12 Маусым 2018
  • 77
Фото - Caravan.kz

"Ұлттық валютадағы депозиттер қаңтар-сәуір айларының ішінде 2,4 пайызға 9,4 триллион теңгеге дейін өсті, шетел валютасында сегіз пайызға төмендеп 7,7 триллион теңгені құрады. Нәтижесінде депозитті долларлау деңгейі сәуірде 45 пайызға жетті", – деді Ұлттық банк басшысы. Қазақстанда депозитте қазір 17 триллион теңгеден астам қаражат жатыр. Тұрғындар ұлттық ақшамыз теңгемен көп сақтауда. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Today.kz.  

Ақышев республикада кредиттеу көлемі де өскенін мәлімдеді. 

"Осы жылдың төрт айының ішінде жаңа кредиттерді беру 27,7 пайызға немесе 814,3 миллиард теңгеге өсті. Бұл былтыр дәл осы уақытпен салыстырғандағы көрсеткіш", – деді Ақышев. 

Мемлекет басшысының бастамасын жүзеге асыру аясында ҚР Ұлттық банкі экономика үшін ұзақ мерзімді кредит беру және ипотекалық кредит арқылы қолжетімді тұрғын үйді арттыру жұмыстарымен айналысып жатқаны айтылды. 


"Заңнамалық деңгейде банкті қорландыруды ұзартатын құрылғыларды енгізу жоспарлануда. Мысалы, жинақтаушы депозитті енгізу арқылы банк ұзақ мерзімді қорландыруды қамтамасыз ете алады", – деді Данияр Ақышев. 

Соңғы жаңалықтар