Қазақстандықтар электронды денсаулық паспортына ауысады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтар электронды денсаулық паспортына ауысады

Қазақстандықтар электронды денсаулық паспортына ауысады

2020 жылға қарай Қазақстанның мемлекеттiк  денсаулық сақтау жүйесi толық электронды нұсқаға ауысады.

  • 2 Қыркүйек 2015
  • 389
Фото - Caravan.kz

Осылайша, әр азаматтың электронды денсаулық сақтау паспорты болады. Бұл туралы бүгiн әлеуметтiк қамтамамыз ету саласындағы озық технологиялар туралы халықаралық конференция аясында өткен брифингте Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрi Тамара Дүйсенова мәлiм еттi.

"Бүгiнде бiз денсаулық сақтау саласының мемлекеттiк электронды жүйесiн әзiрлеуге кiрiстiк. Бұдан өзге, үш қызмет түрiн, яғни,  дәрiгер шақырту, дәрiгердiң қабылдануына жазылу мен амбулаториялық қызмет көрсететiн ұйымдарға еркiн тiркелу қызметтерiн интернет арқылы ұсынып жатырмыз.  Жалпы, денсаулық сақтау саласының мемлекеттiк электронды жүйесiне толығымен 2020 жылға қарай ауысып бiтемiз", — дедi министр.

Денсаулық сақтаудың электронды жүйесi аясында қазақстандықтар электронды денсаулық паспорттарына ие болмақ. Электронды паспорт туралы айта келе Т.Дүйсенова электронды денсаулық паспорты адамның денсаулығына қатысты тiптi ең болымсыз ақпараттарды бiр базаға жинайтынын жеткiздi.


"Электронды денсаулық паспорты адамның денсаулығына қатысты бүкiл ақпаратты, яғни, туғанынан бастап тiптi қандай заттарға аллергиясы бар екенiне дейiн, бүкiл ақпаратты бiр базаға жинайды", — деп түсiндiрдi министр.

Соңғы жаңалықтар