Қазақстандықтар ел ішінде ақшаны аз аударатын болған - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтар ел ішінде ақшаны аз аударатын болған

Қазақстандықтар ел ішінде ақшаны аз аударатын болған

 2019 жылдың соңғы төрт айында елімізде халықаралық жүйелер арқылы жасалған ішкі ақша аударымдары 11,3 млрд теңгені құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 55,8% аз, деп жазды Finprom.

  • 28 Мамыр 2019
  • 13
Фото - Caravan.kz


Транзакциялар саны 53,4%, яғни 48,6 мыңға дейін төмендеген. 2019 жылдың алғашқы төрт айындағы аударымдар жалпы көлемінің 44%-дан астамы теңгемен жасалған, қалған 43% доллармен.

Өткен жылы ел ішіндегі аударымдар мөлшерінің рекорды жасалған. Бір жылдағы аударымдар 72,9 млрд теңгені құраса, транзакциялар саны 294,5 мыңға жеткен. 2017 жылмен салыстырғанда 3,1 есеге өскені байқалады.

Ел ішінде жасалған аударымдардың басым бөлігі «Золотая корона» жүйесіне тиесілі – 5,3 млрд теңге. Екінші орында Faster тұр, бұл жүйе арқылы- 942,9 млн теңге аударылса, Contact жүйесі арқылы 506 млн теңге өткен.

Соңғы жаңалықтар