Қазақстандықтар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтауда - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтауда

Қазақстандықтар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтауда

Бүгін, 6-шілде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні. KZ-today тілшісіне ҚР президентінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, бұл күндері республика тұрғындары, қоғамдық бірлестіктер, ұлттық-мәдени орталықтар, шығармашылық одақтар мен шетелдік әріптестерінен Елбасының атына зор денсаулық, бақыт, ырыс пен игілік тілеген хаттар мен жеделхаттар көптеп келіп түсуде.

  • 6 Шiлде 2004
  • 1579
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің атап өткеніндей, соңғы жылдары мемлекет басшысы өз туған күнін жұмыс бабындағы жағдайда қарсы алуды әдетке айналдырды. Мәселен, соңғы екі жылда 6-шілдеде Ақтау мен Алматыда Орталық Азия ынтымақтастық ұйымы мемлекет басшыларының бас қосуы өтті. Бүгінгі күн де сол үрдістен тысқары қалған жоқ.

Н.Назарбаев бүгінгі жұмыс күнін құжаттарды қараудан бастады. Президент бірқатар заңдарға қол қойды. Атап айтсақ, президент экономиканың нақты секторын несиелендіру саласында қордаланып қалған түйткілдерді шешуге бағытталған «Несиелік бюролар мен несиелік баяндар қорын құру туралы», қор іс-қызметін реттеуге бағытталған «Инвестициялық қорлар туралы», кеме қозғалысы, жолаушы, жүк және қол жүктерді тасымалдау жөніндегі «Ішкі су транспорты туралы» заңдарға қол қойды.
Сондай-ақ, бүгін Елбасы өзін туған күнімен құттықтай келген ҚР парламенті сенатының төрағасы, ҚР үкімет басшысы, президент әкімшілігінің жетекшісі сынды ресми тұлғаларды қабылдады.
Нұрсұлтан Назарбаев 1940-жылдың 6-шілдесінде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.

Перейти к новостям спорта