Қазақстандықтар футболдан халықаралық чемпионатта жеңіске жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтар футболдан халықаралық чемпионатта жеңіске жетті

Қазақстандықтар футболдан халықаралық чемпионатта жеңіске жетті

Шанхай қаласындағы Тунцзи университетінде оқитын қазақстандық студенттер ҚР БҒМ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ 10 жылдығына арналған футболдан халықаралық чемпионатта жеңімпаз атанды.

  • 21 Сәуiр 2015
  • 451
Фото - Caravan.kz


Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан, сонымен қатар Шанхай қаласындағы қазақ диаспорасының намысын қорғаған 12 студенттік команда қатысты.

Екінші орынға жергілікті қазақ диаспорасының «Жалғас» командасы, үшінші орынға Түркіменстан  студенттер құрамасы ие болды.

 «Турнирдің үздік қақпашысы» аталымында  «Жалғас» командасының мүшесі Ержан Шеймұратұлы, «Үздік жартылай қорғаушы» — түркіменстандық студент Таганов Сердар, ал қазақстандық студент Жәкен Қуаныш «Турнирдің үздік ойыншысы» болып  танылды.

Чемпионат кезінде Қытайдағы қазақстандық студенттер қауымдастығының (KSAC) шанхайлық бөлімшесінің белсенділері  «Шайхана» мейрамханасымен бірлесіп қайырымдылық шарасын өткізді. Мұнда жиналған қаржы су тасқынынан зардап шеккен Қарағанды облысының тұрғындарына бағытталмақ. 
футболу  футболу  футболу  футболу  футболу  футболу  футболу  футболу  футболу

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера