Биыл жастар арасындағы ел чемпионатында қарсылас шақ келтірмеген павлодарлық Еркін Шәйкенов үндістандық балуанға (1:0, 1:0) есе жіберіп, жарыс жолынан ерте шығып қалды. Енді аға бапкер Нұрым Дүйсенов үміт артқан ұлттық 50 келідегі Асқар Салтебаев құрама қоржынына соңғы медальді қосу үшін өз бағын сынап көреді.
Кеше жарыстың алғашқы күні 8 салмақтың алтауы бойынша құрлық чемпиондары мен жүлдегерлері анықталған болатын. . Онда қазақстандықтардан Азамат Құстыбаев (74 кг) алтын, Михаил Изотов (96 кг) пен Жәнібек Қандыбаев (66 кг) күміс, ал Тимур Ташмағамбетов (84 кг), Дастан Өскенбеков (55 кг), Данияр Кәленов (60 кг) қола медальдің иесі атанды. Қазір бейресми командалық есепте 3 спортшысы Азия чемпионы атанған ирандықтар көш бастап келе жатыр, Одан кейінгі орында бір-бір чемпионы бар Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан командалары келе жатыр.