Қазақстандықтар ішімдік ішуді азайтты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтар ішімдік ішуді азайтты

Қазақстандықтар ішімдік ішуді азайтты

Қазақстандық дәрігерлер мемлекеттік алкогольға қарсы саясат республикада ішімдік пайдалану деңгейіне оң ықпал еткенін атап көрсетті.

  • 31 Қазан 2012
  • 794
Фото - Caravan.kz


Қазақстанда соңғы үш жыл ішінде ішімдік пайдалану деңгейі 9 пайызға төмендегені байқалады, деп Ұлттық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы баспасөз қызметінің бүгінгі хабарламасында айтылған.
Ішімдік өнімдерін пайдалану деңгейінің азаюы Қазақстанда жүргізіліп отырған мемлекеттік саясатқа байланысты. Атап айтқанда, 21 жасқа толмағандарға ішімдік өнімдерін сатуға, сыртқы жарнамаға және БАҚ-та алкогольді жарнамалауға, қоғамдық орындарда ішімдік өнімдерін пайдалануға тыйым салу, мас күйінде көлік жүргізетіндердің жауапкершілігін қатаңдату.
Қазақстанда 31 қазан ішімдік пайдаланудан ұлттық бас тарту күні болып табылады.

Соңғы жаңалықтар