Қазақстандықтар кендодан халықаралық турнирде жеңіске жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтар кендодан халықаралық турнирде жеңіске жетті

Қазақстандықтар кендодан халықаралық турнирде жеңіске жетті

Кендодан Үшінші халықаралық турнир Алматыға жеті команданы жинады, деп хабарлайды Vesti.kz.

  • 15 Сәуiр 2013
  • 344
Фото - Caravan.kz

Жарыстар басталар алдында семинар өтіп, онда Жапония мен Ресейден шақырылған төрешілер қатысушыларға сайыс ерекшеліктерін тағы бір мәрте түсіндіріп өтті. Биыл турнирге Ресейдің, Израиль мен Қырғызстанның спортшылары келді. Украина командасы да жарысқа қатысуы тиіс болатын, бірақ соңғы сәтте олар үйде қалуды жөн санады.

Алдын ала айқасудан кейін финалға жарыс иелері мен Израильден келген қонақтар шықты, оңайға соқпаған ақтық жекпе-жектен кейін жеңіс қазақстандықтарға бұйырды. Екінші орын израильдіктерде, үшінші орынды Қырғызстан мен Ресей бөлісті.

Кендо — бұл семсерді меңгерудің дәстүрлі самурайлық техникасына негізделген жапондық семсерлесу өнері. «Семсер жолы» ретінде аударылады және қазіргі уақытта спорттың бір түрі болып саналады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера