Қазақстандықтар Халықаралық әйелдер күні мерекесін атап өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтар Халықаралық әйелдер күні мерекесін атап өтуде

Қазақстандықтар Халықаралық әйелдер күні мерекесін атап өтуде

 

  • 8 Наурыз 2018
  • 270
Фото - Caravan.kz

Бүгін Қазақстан халқы «8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні» мерекесін атап өтуде.

Мерекеге орай қазақстандықтар 4 күн демалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тарихқа көз жүгіртсек, 1910 жылы Копенгагендегі социалист әйелдердің халықаралық конференциясында герман және халықаралық жұмысшы қозғалысының қайраткері К.Цеткинаның ұсынысы бойынша наурыздың 8-ін Халықаралық әйелдер күні ретінде атап өту туралы шешім қабылданды. 1914 жылдан кейін көп елдерде нақ осы күн әйелдер мерекесі ретінде аталатын болды. Бұл күн — әйелдер құқын қорғау және халықаралық бейбітшілік күні. Біріккен Ұлттар Ұйымы 1975 жылды Халықаралық әйелдер жылы деп жариялап, сол жылғы наурыздың 8-інен бастап Әйелдер құқын қорғау және халықаралық бейбітшілік күнін өткізе бастады. Қазақстан Республикасында да бұл мерекеге аса мән беріліп, осы күні елорда мен барлық облыстарда мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Айта кетерлігі, кеше мерейлі мерекеге орай, «Қазақстан» орталық концерт залында «Көктем шуағы» атты концерт өтті. Концерт алдында Қазақстан Президенті әйелдер қауымын мерекесімен құттықтады. «Ең алдымен баршаңызды көктем мерейін ала келген тамаша мереке — Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл күн асыл ананы, сүйікті жарды, қадірлі қарындасты мейірімге бөлейтін ерекше мереке екенін білеміз. Қазақта «Ұл туса — ұрпағым өседі, қыз туса ұлтым өседі» деген ұлағатты сөз бар. Кең байтақ Ұлы даламызда есімдері ел мақтанышына айналған ардақты аруларымыз аз емес. Әйел әсемдік пен әдеміліктің, көрегендік пен көркемдіктің, береке мен бірліктің символы болып табылады», — деді Елбасы. Естеріңізге сала кетсек, мерекеге орай қазақстандықтар 4 күн демалады.