Қазақстандықтар мінген автобус Новосібірде апатқа ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтар мінген автобус Новосібірде апатқа ұшырады

Қазақстандықтар мінген автобус Новосібірде апатқа ұшырады

 

  • 19 Шiлде 2011
  • 424
Фото - Caravan.kz

Ресейдің Новосібір қаласында болған жол апатында 5 қазақстандық зардап шекті. Төртеуі жеңіл жарақат алып, көмектен бас тартса, біреуі Томск қаласының ауруханасына түсті.  Естеріңізге сала кетсек, сенбіден жексенбіге қараған түні Семейден  Ресейдің Томск қаласына бет алған жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысқан.

43 жолаушысы бар автобус жолдың қарсы бетіне шығып кеткен көрінеді. Тура сол сәтте қатты жылдамдықпен “Камаз” келіп қалған. Бетпе-бет келген көліктердің соқтығысы күшті болғаны соншалық, екеуі де лезде отқа ораныпты. Бес адам қаза тауып, 11-і түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Жетеуінің жағдайы ауыр. Олардың барлығы ресейліктер. Жалпы, автобуста Қазақстанның 8 азаматы болған.


Ілияс Омаров, ҚР СІМ Баспасөз хатшысы:

-Автобуста болған 5 отандасымыз жеңіл жараланған. Біреуіне оқиға орнында дәрігерлік көмек көрсетілді. Төртеуі көмектен өздері бас тартты. Ал Дмитрий Проскуряков деген азаматтың миы шайқалған екен, бірақ қазір жағдайы жақсы.

Соңғы жаңалықтар