Жарияланды: 400

Қазақстандықтар мұрттылардың рейтингінде 4-ші орында

Қазақстандықтар мұрттылардың рейтингінде 4-ші орында

hotels.com сайтында әлемдегі ең үздік мұрттарды анықтау мақсатында күлкі үшін жасалған рейтингте қазақстандықтар төртінші орынға орналасты,

деп жазады "Экспресс-К". Біздің отандастарымыз 41 пайыз дауыс жинаған мексикандықтарға, үндістандықтар мен немістерге (әрқайсысында 12 пайыздан) ғана жол берді. Дегенмен, британдықтарды, автриялықтарды, ресейліктер мен француздарды артта қалдырды. Қазақстандықтар үшін өз дауыстарын сұралғандардың 10 пайызы берді. Басылым ең танымал қазақстандық мұрттылар ретінде Сәкен Сейфуллин мен Шоқан Уәлихановты атады. «Өз тарапымыздан қазіргі уақытта Қазақстанда ең танымал мұртты адам ретінде республиканың экс-премьері Кәрім Мәсімовты атауға болатындығын айтқымыз келеді», - деп жазады газет. Ескі заманнан бері әртүрлі мәдениеттерде үлкен мұрттар жауынгерлердің міндетті атрибуты болды. Мұртсыз әлемге белгілі көптеген тұлғаларды елестету мүмкін емес, мәселен - Чапаевты, Энштейнді, Никита Михалковты, Сальвадор Далиді, Чарли Чаплин мен Сталинді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін