Дүбірлі додада қазақстандық Ғалымжан Өсербаев 74 келі салмақ дәрежесі бойынша еркін күрестен әлем чемпионы атанған. Ол Шри-Ланка мен Үндістаннан келген палуандарды тізе бүктірген, сондай-ақ ақтық сында бозкілем қожайындарынан басымдығын танытқан.
Ал 61 келі салмақта Елдос Әбікенов пен 125 келі салмақта Дмитрий Попов күміс жүлдені олжалады. Владимир Кудрин (57 келі) мен Азамат Шағапұлы (65 келі) қола медаль тақты.