Қазақстандықтар осы күні түнде толық ай тұтылуын көре алады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтар осы күні түнде толық ай тұтылуын көре алады

Қазақстандықтар осы күні түнде толық ай тұтылуын көре алады

Қазақстандықтар 16-шымаусымға қараған түні Айдың толық тұтылуының куәсі бола алады, деп В. Фесенков атындағы қазақ Астрофизика институтының Ай және планеталар физикасы зертханасының меңгерушісі Виктор Тейфель мәлім етті.

  • 15 Маусым 2011
  • 2009
Фото - Caravan.kz

«Егер Құдайым ауа райын берсе, маусымның 15-нен 16-на қараған түні тамаша Ай тұтылуы болады. Бұл тұтылу ерекше. Біріншіден, ол Қазақстанда түні бойына көрінеді. Екіншіден ол толық болады. Ай Жердің көлеңкесінің ортасымен өтеді», — деді В. Тейфель.

Айдың тұтылуы 0:22 сағатта басталады. Толық фазасының басталуы 1:22 сағатқа тура келеді. Максимумы – 2:12 сағат, Айдың Жер көлеңкесінен шыға бастауы 3:03 сағатта, толығымен шығуы 4:02 сағатқа тура келеді.

«Ай тұтылуының басында Ай күңгірттенеді. Ол Жер көлеңкесіне кіре бастағанда «айдың дискісі мүжіле» бастайды. Ай толығымен көлеңкеге кірген кезде, айдың қараңғы жағы да аздап жарық болып тұрғаны байқалады», — деді В. Тейфель.

Оның айтуынша, Ай тұтылуы кезінде ғылыми зерттеулер жүргізілетін болады.

«Ай Жердің көлеңкесіне кірген уақытта қаншалықты толық болатыны қызық. Осы кезде айдың жиегі көгілдірлеу болады. Ол Жер атмосферасында жарықтың бұрылуынан. Одан соң Ай толығымен көлеңкеге кіреді де, әлсіз жарығы бар күңгірт-қызыл дискі сияқты болады. Оның жарықтығы Жер атмосферасының шаңдылығына байланысты болады. Жер атмосферасы жанартаулардың атқылауынан пайда болған шаң-тозаңдармен күңгірттеніп тұруы мүмкін», — деді В. Тейфель.

Бұрын хабарланғандай, 10-шы желтоқсанда 2011-ші жылғы екінші Ай тұтылуы болады. Ол 18:45-те басталады.

Соңғы жаңалықтар