Қазақстандықтар Pfizer вакцинасының екі дозасын ақылы түрде ала алады - Цой - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтар Pfizer вакцинасының екі дозасын ақылы түрде ала алады - Цой

Қазақстандықтар Pfizer вакцинасының екі дозасын ақылы түрде ала алады - Цой

Қазақстанға Comirnaty (Pfizer) вакцинасы келгенде, азаматтар ревакцинация үшін бір дозаны, вакцинация үшін екі дозаны сатып ала алады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

  • 14 Желтоқсан 2021
  • 23
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"Мүмкіндік болады. Ақылы вакциналар жеткізілгенде, тұрғынның шешімі бойынша, бір немесе екі доза вакцина алуына мүмкіндік береміз", — деді Цой Үкімет отырысынан кейін журналистер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, вакцинациядан өткендерге ДДСҰ мен Денсаулық сақтау министрлігі дәрінің бір дозасын ғана алуды ұсынады.

"Ол әр адамның шешіміне байланысты. Қазір Денсаулық сақтау министрлігінің талаптары мен халықаралық ұсынымдар аясында ревакцинация үшін вакцинаның бір дозасын алу ұсынылады. Азаматтар қаласа,(толық курсты алуды — ескерт.) өз қалауы бойынша", — деді Алексей Цой.


Екі жағдайда да вакцинация төлқұжатында адамның Pfizer вакцинасының бір немесе екі дозасын алғаны көрсетіледі.