Жарияланды: 470

Қазақстандықтар Республика күнін тойлауға байланысты үш күн демалады

Астана. 24 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандықтар Республика күнін тойлауға байланысты үш күн демалады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Қазақстандықтар Республика күнін тойлауға байланысты 25, 26 және 27 қазанда үш күн демалады. 25-қазан - Қазақстанда Республика күні- мемлекеттік мереке. "Қазақстан Республикасының мерекелері туралы" Заң нормаларында ұлттық мереке күндері демалыс болып саналады, ал демалыс күндері мен мереке күндері сәйкес келген жағдайда мейрам күнінен кейінгі жұмыс күндері демалыс күндері болып саналады. Сол себепті 25 қазан сенбі күнге сәйкес келетіндіктен, демалыс күні 27-қазан, дүйсенбіге ауыстырылады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін