Қазақстандықтар таэквондодан өткен әлем чемпионатында екі медальға ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтар таэквондодан өткен әлем чемпионатында екі медальға ие болды

Қазақстандықтар таэквондодан өткен әлем чемпионатында екі медальға ие болды

АЛМАТЫ. 22 - мамыр. Kazakhstan Today. Пекинде мамырдың 18 мен 22-сі аралығында таэквондодан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар қос медальды жеңіп алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 22 Мамыр 2007
  • 501
Фото - Caravan.kz

Әйелдер арасында 51 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде Назгүл Тәжіғұлова әлем чемпионатының қола медалына ие болды. Ал еркектер арасында қазақстандық Аслан Батығұлов (54 кг) үшінші орынға көтерілді.

«Бұл әлемдік сахнадағы отандық таэквондо мектебінің зор табысы. Бұл спорт түрінің бүкіл тарихында қазақстандық атлеттер тек екі рет қана әлемдік біріншіліктің жүлделерін жеңіп алды», — деп штаттағы ұлттық командалар дирекциясының баспасөз хатшысы Ардақ Тоғымов оқиғаға түсінік берді. «Әр жылдары қола медальға Әділхан Сағындықов пен Лия Нуркина ие болған еді», — деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті