Маусымның 11-і күні жалауын көтерген бұл байрақты бәсекеде ел намысын Нелли Щербакова жаттықтыратын Талдықорғанның «Жетісу» клубы қорғаған болатын. Олар іріктеу кезеңінде «А» тобында Индонезия (25:19, 25:15, 25:11) мен Тайпей (25:12, 25:13, 25:17) спортшыларын ұтып, жарыс қожайындарына (25:16, 25:18, 30:28) есе жіберді. Одан кейін ширек финалда Перудің жастар құрамасын 3:0 (25:11, 25:13, 25:20), ал жартылай сында Қытайдың «Sichuan» командасын 3:1 (20:25, 25:21, 25:15, 25:17) есебімен ұтып, ақтық финалға шықты. Онда жарыс қожайындарының «Federbrau» командасына тағы да 1:3 (24:26, 23:25, 29:27, 13:25) есебімен есе жіберген «жетісулықтар» екінші орынға ие болды. Ал үшінші орын үшін болған ойында «тайпейліктер» қытайлық құрдастарынан 3:2 есебімен басым түсті.