Қазақстандықтар Теһранда байдарка мен каноэ есуден Азия чемпионатында 7 алтын медаль жеңіп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтар Теһранда байдарка мен каноэ есуден Азия чемпионатында 7 алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандықтар Теһранда байдарка мен каноэ есуден Азия чемпионатында 7 алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшылар Теһранда өткен байдарка мен каноэ есуден Азия чемпионатында 7 алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды бейсенбі күні «Время» газеті.

  • 3 Қараша 2011
  • 510
Фото - Caravan.kz

«Біздің ескекшілердің активінде 7 алтын медаль мен Лондондағы Олимпиада ойындарына 2 жолдама бар. Командалық есепте Қазақстан құрамасы ирандықтар мен қытайлықтарға ғана есе жіберіп, үшінші орын алды», — делінген ақпаратта.

Басылымның атап көрсетуінше, Гуанчжоудағы Азия ойындарында біздің ескекшілеріміздің қолы алтынға жетпей қалған.

«Біз бұл жарысқа мақсатты түрде дайындалдық, өйткені Теһранда медальдардан басқа, олимпиадаға жолдамалар да сарапқа салынды», — деп мәлім еткен Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы Денис Жарменовтың сөзін жариялайды газет.

«Бізде әлем чемпионатында Наталья Сергеева жеңіп алған бір жолдама болатын. Енді Лондонға екі кісілік байдаркамен Алексей Дергунов пен Евгений Алексеев және каноэші Александр Дядьчукта барады.

«Биылғы жылы үш олимпиадалық жолдама жеңіп алу бойынша алдымызға қойған міндетімізге қол жеткіздік. Ал оған қоса, қоржынымызға салған жеті алтын алқамыз алдағы жеңістерге ынталандырады деп ойлаймын», — дейді жаттықтырушы.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера