Жарияланды: 50

Қазақстандықтар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шоттарында 750 млрд теңге жинады

Қазақстандықтар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шоттарында 750 млрд теңге жинады

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде 2019 жылдың 11 айы ішінде қазақстандықтар 352 137 жаңа депозит ашты. Бұл туралы аталмыш банктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бүгінде еліміздің 1,5 миллион тұрғыны банкке сенім артып, депозиттерінде шамамен 750 млрд теңге жинады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары жинаған қаражатқа банк сыйақысымен қоса, жыл сайын мемлекет сыйлықақысы қосылып тұрады. Мемлекет тарапынан төленетін сыйлықақы мөлшері 20%-ды құрайды. Ол 200 айлық есептік көрсеткішке тең (2019 жылы 200 айлық есептік көрсеткіш 505 000 теңге) депозит сомасына төленеді, - делінген хабарламада. 

Салымшылар тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы қаражат жинақтай отырып, болашақ баспанасын сатып алу үшін несиені жылдық 2%-дан 8,5%-ға дейінгі мөлшерлемемен ала алады. 

Биыл тиімді шарттар бойынша тұрғын үйге қол жеткізу мүмкіндігін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 45 464 клиенті пайдаланды. Жалпы алғанда, олар 479,3 млрд теңге сомасына несие алды. Займның 35,6%-ы банк салымшыларына пәтерді жаңа үйлерден, ал 60,2%-ы қолданыстағы үйлерден сатып алу үшін берілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін